19.10.2021, 05:48
Оқиғалар
Эквадорда жолаушылар автобусы 100 метр биіктіктен құлап, 11 адам қаза тапты
Ауыр жарақат алғандар саны – 12
Vesti.ru
Vesti.ru сайтының хабарлауынша, автобус Гуаякильден Амбатоға қарай бет алған. 18 қазанға қараған түні ол Чимборазо провинциясына қарасты Колька аумағында шамамен 100 метр биіктіктен құлаған.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, өз жолағынан шығып кеткен. Автобус бірнеше рет аударылып барып, биіктен құлап түсті.
Автобус салонында қанша адам болғаны әзірге белгісіз, тек 11 жолаушы қайтыс болғаны белгілі, тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 07:27
Головкин әлемдік спорт қауымдастығында тағы бір қызметке сайланды