15.10.2021, 15:44
Оқиғалар
Жамбыл облысында екі көлік бетпе-бет соғысты: бір адам қаза болды
Ол есін жимастан, апат орнында көз жұмды
«Тараз-Сарыкемер» тас жолында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылдың 15 қазанында таңғы сағат 07:20 шамасында, жергілікті маңызы бар «Тараз-Сарыкемер» автожолының 6 шақырымында Ауди-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бара жатып, қарсы бағытқа шығып, «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2104» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі есін жимастан, апат орнында көз жұмды, ал алты адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазір тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 18:23
Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты