$ 530.24  543.97  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2021, 11:04
Оқиғалар

Жетісайда ауруханада жатқан науқас дәрігерінің сөмкесін ұрлаған

Полиция күдіктіні бейнебақылау камерасы арқылы ұстады

Жетісайда ауруханада жатқан науқас дәрігерінің сөмкесін ұрлаған

Түркістан облысының Жетісай қаласында жергілікті аурухана дәрігерін науқастардың бірі тонап кетті. Күдікті медқызметкердің бөлмеде тұрған сөмкесін қолды қылған деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға арызданып келген дәрігер 50 мың теңге шығын келгенін айтқан. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары палаталарды түгел тексеріп, бейнебақылау камерасын қарап шықты. Соның нәтижесінде ұры да көп ұзамай ұсталды. Күдікті сол мекемеде емделіп жатқан науқас екен.

«Белгілі болғандай ер азамат оңай жолмен ақша табуды көздеп, ашық тұрған есіктен қызметкерлердің бөлмесіне кірген. Содан соң көзіне түскен сөмкені алып шығып, басқа бір бөлімнің бос тұрған палатасына кірген. Сөмкені асығып ақтарып, қолына ілінген екі күміс жүзік пен банк карточкаларын жымқырып кеткен. Алайда, полицейлердің қырағылығының арқасында ұрлық қылмысы дер кезінде ашылды», - делінген аталған хабарламада.

Аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары