$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2021, 00:58
Оқиғалар

Ақмола облысында ер адам өзін өртеп көз жұмды

Қайғылы оқиға 12 қазан күні сағат 13:52 шамасында Аршалы ауданында болған

Ақмола облысында ер адам өзін өртеп көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қазан күні сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түссіз жатқаны туралы телефон хабары түскен.

«Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынының өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ», - делінген ПД хабарламасында.

Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары