$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2021, 23:55
Оқиғалар

17 жастағы қыз өгей әкесінің 4 жыл бойы зорлағанын дәлелдей алмай жүр

Жәбірленуші күш көрсету кезінде жазып алынған аудиожазбаны құзырлы орындарға берген соң ғана күдікті анықталды

Опасыз әке 4 жыл бойы өгей қызына зорлық көрсеткен. Жәбірленуші оны анасына да, мұғалімдеріне де, психологқа айтса да, ешкім құлақ аспаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қыз өз-өзіне қол жұмсамақшы болғанда, оны тіпті жүйкесі ауыратын адам ретінде ауруханаға жатқызған.

Жәбірленуші күш көрсету кезінде жазылып алынған аудиожазбаны құзырлы орындарға берген соң ғана күдікті анықталды. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің дерегінше, күдікті әлі қамауға алынбаған. Жасөспірім мен ер адамға сот-психиатриялық сараптамалар жүргізіледі. Егер күдіктінің осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, 17 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.  

«13 жасынан 17 жасына дейін зорлық көрсеткен деген күдік бар. Оның бәрін тергеу барысында анықтайтын болады. Сараптама тағайындалып отыр ғой. Аудиожазбаға фоноскопиялық сараптама болады. Соның нәтижесі бойынша шара қолданылады», - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.  
 

Серіктес жаңалықтары