Қарағандыдағы әйелдің өлімі: аттракцион қызметкері қамауға алынды

Аттракционның қызметі уақытша тоқтатылды

Қарағандыдағы әйелдің өлімі: аттракцион қызметкері қамауға алынды

Полиция 33 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу барысында Rope Jumhing аттракционының нұсқаушысын ұстады. Ведомствоның айтуынша, ол қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», — деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ, полиция бұл аттракционның қызметі уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Айта кетейік, кеше Қарағандыда арқанмен шатырдан секірген әйел қайтыс болған. Полицейлер кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.