Қарағандыдағы қайғылы оқиғаға кінәлілер 8 жылға дейін қамалуы мүмкін
Роупджампинг экстремалды ойыны қайғылы жағдаймен аяқталды
Полицейлер Қарағандыда 33 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға кеше, 10 қазанда болды. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қалмақ болған, бірақ жағдайы өте ауыр болып, қайтыс болды.
«Қылмыстық іс ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігінен ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне өзгертілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы қылмыстық іс аясында полиция аттракцион ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері сақталғанын анықтайды», - делінген полиция хабарламасында.
Ал бұл бап бойынша кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәліметтер бойынша, қайтыс болған Евгенияның артында кішкентай балалары мен жолдасы қалды.