$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2021, 15:51
Оқиғалар

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары мемлекеттік көлікті жеке мақсатта пайдаланғаны анықталды

Шенеунік мемлекеттің мүлкін сенбілікке бару үшін пайдаланған

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары мемлекеттік көлікті жеке мақсатта пайдаланғаны анықталды

Солтүстік қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сәния Смайылованың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

«Қызметтік тексеру барысында демалыс күні қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану фактісі расталды, бұл туралы бейнебақылау камераларының жазбалары да бар. Мемлекеттік қызметшілер автокөлік құралдарын қоса алғанда, мемлекет меншігін тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті, — деп хабарлады Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ергелді Қайыргелді.

Алайда әдеп кеңесіне Сәни Смайылованың өзі келмеген болып шықты. Оның мүддесін қорғауға қала әкімі аппаратының басшысы Қалия Түренова келген екен. Ол іс жүзінде қала басшысының орынбасары демалыс күні сенбілікті өткізуге жетекшілік ету үшін қызметтік автокөлікті пайдаланғанын түсіндірді.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, Сәния Смайылова заң бұзушылықты мойындап, өз әрекетіне өкінгенін білдірген. Әдеп кеңесінің қорытындысы бойынша әкім орынбасары Сания Смайыловаға сөгіс беру ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары