$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2021, 10:07
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе қымбаттады

Жүргізушілер бағаның қымбаттауын көлік доңғалақтарының шинасын әлі ауыстырып үлгермегендіктен болып отыр дейді

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе қымбаттады
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты такси бағасы үш есе өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бас қалада қазанның 4 күні түнімен қар жауып, ертеңгісін көшелерде кептеліс болды. Осы жағдайды тиімді пайдаланған таксистер тарифті екі есе қымбаттатып үлгерген.

Мысалы, Ш. Уалиханов, 25/2 ˗ Қорғалжын тас жолы, 21 мекен-жайына бұрын шамамен 1200 теңгеге қатынайтын қала тұрғыны Әйгерім бүгін 3726 теңге («DIDI» компаниясы) төлеуге мәжбүр болды.

«Yandex»-те жұмыс істейтін Аманжол есімді такси жүргізушісі бағаның бұлай қымбаттауын көлік доңғалақтарының шинасын әлі ауыстырып үлгермегендігімен және жол-көлік апатының жиілеуі мүмкін екендігімен түсіндіреді.

Жол тарифі таңғы 8-ден 10:30-ға дейін және кешкі кептеліс кезінде қымбаттайды.

Серіктес жаңалықтары