$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2021, 11:57
Оқиғалар

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қызметкерлері кәсіпкерлерден сыйақы талап еткен

Экология министрлігінде соңғы 3,5 жылда жемқорлыққа қатысты 80 іс сотқа жіберілді

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қызметкерлері кәсіпкерлерден сыйақы талап еткен
Фото: ашық дереккөзден

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша қызметкерлері кәсіпкерлерге қомақты айыппұл тағайындаймыз деп бопсалаған. Оның орнына сыйақы талап еткен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің айтуынша, қызметкерлер экологиялық талапты сақтамады деген уәж айтқан.

Айта кетерлгі, соңғы 3,5 жылда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жемқорлық фактісі бойынша 80 іс сотқа жіберіліпті.

Соның ішінде 6 қыркүйек күні Қызылорда облысы экология департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шығып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол биыл ақпанда 30 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Сонымен қатар, облыста экология департаментінің басшысының орынбасары бас экология инспекторы 50 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген еді.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары