$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2021, 14:17
Оқиғалар

Ақтөбеде екі баланы қаққан көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Полиция жол-көлік оқиғасының куәгерлерін де іздейді

Ақтөбеде екі баланы қаққан көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл 3 қазан күні сағат 19.40-та алдын ала болжам бойынша «Хюндай» маркілі автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласында Ораз Тәтеұлы мен Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында балаларды қағып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетпестен, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасының куәгерлері жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ЖКО кінәлісін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Кәмелетке толмаған екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен «102» нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары