$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2021, 12:24
Оқиғалар

ШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы қолға түсті

Ол 2013 жылдан бастап есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған

ШҚО-да есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 25 қыркүйектен 1 қазанға дейін «Іздестіру» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара аясында Үржар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 10 жылға жуық ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам 2013 жылдан бастап есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Үржар ауданындағы туысының үйінде уақытша жасырынып жүрген.

«Оған қатысты бас бостандығынан айырумен байланысы жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалғандықтан, ер адамға жауап алыну міндеттелді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Республикалық операцияны жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 29 қылмыскерді анықтап, ұстады, сондай-ақ 16 хабар-ошарсыз кеткен, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған адамның орналасқан жерін анықтады.

Серіктес жаңалықтары