03.10.2021, 19:44
Оқиғалар
Алматы облысында 81 жастағы зейнеткерді жүк көлігі басып кетті
Әйел адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған

Оқиға Іле ауданындағы Байсерке ауылында 2 қазан күні таңертең болған. 81 жастағы зейнеткер оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Iveko Magirus жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Школьная көшесімен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан қарияны байқамаған. Марқұм жолды рұқсат етілмеген бөлігінен кесіп өтпек болыпты.
«Аталған жайт Іле аудандық Полиция басқармасының бірыңғай реестріне енгізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
19.08.2025, 11:18
Шымкент сотының судьясы залдағы журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқан (ВИДЕО)
19.08.2025, 09:32
Зейнетақы қоры БҚО-да 20 жыл жүргізуші болған зейнеткердің ақысын жеп келгені анықталды
19.08.2025, 20:05
Оралда 23 жастағы жігіт экс-сүйіктісін интимдік фотоларымен қорқытып, 9 млн теңгесін бопсалап алған
Бүгін, 10:43
Жас жігіт анасын өлтіріп, полиция келгенде мәйіттің бір бөлігін қазанға қайнатып отырған
19.08.2025, 07:30
Орал тұрғыны өз жеріне ескерткіш орнатқаны үшін әкімді сотқа берді
Редактордың таңдауы
14.08.2025, 15:26
Отбасы банк ақша тапты: «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады