Грузияда Михаил Саакашвили ұсталды

Бұл туралы республиканың премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді

Фото: REUTERS

«Батумиде жүрмін» деп мәлімдеген Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Саакашвилидің ұсталғаны туралы 2 қазан күні өткен брифинг барысында республиканың премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.

«Мен Грузияның үшінші президенті болған, ұзақ уақыт іздеуде жүрген Михаил Саакашвилидің қолға түскенін хабарлағым келеді», - деді Гарибашвили.

Премьер-министрдің айтуынша, Саакашвили тиісті түзеу мекемесіне жеткізілген. Гарибашвили оның келетіні туралы ол Украинада жүргенде-ақ құқық қорғау органдары білгенін, сондықтан ұстау процесінің толық бақылауда болғанын атап өтті.

Үкімет басшысы елдің Ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури мен Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің төрағасына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Саакашвилидің денсаулығының жай-күйімен танысу үшін ол жатқан түрмеге Грузия омбудсмені арнайы келді.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.