$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2021, 12:50
Оқиғалар

Елордада жантүршігерлік жол апатынан аман қалған алтыншы жолаушы ауыр жағдайда жатыр

Жол апатынан 5 адам оқиға орнында қаза тапты

Елордада жантүршігерлік жол апатынан аман қалған алтыншы жолаушы ауыр жағдайда жатыр
скриншот: видео

30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Нұр-Сұлтан қаласында Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт Сарайшық бойындағы көпірде (Есіл өзені) қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде, ол 28 жастағы жүргізуші басқаратын Nexıa Ravon көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды: 2 жүргізуші, 3 жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған жолаушылардың бірі ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығындағылар жол апатынан тірі қалған алтыншы жолаушының жағдайы туралы айтты.

«Жол апатынан зардап шеккен 18 жастағы қыз ауыр халде жатыр. Науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Қазір жағдайы ауыр», - деді дәрігерлер.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары