Павлодар облысында екі автокөлік жанып кетті

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Павлодар облысында екі автокөлік жанып кетті. Екі жағдай бойынша келтірілген залал мен себебі анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы оқиға таңертең сағат 8:35-те тіркелген. Ақсу қаласының «Нұрлы жол» автожол көпірінде 1989 жылы шыққан Mersedes Benz автокөлігі толығымен жанып кетті. 

«Көлік Павлодардан Ақсу қаласына бара жатқан. Өрттің жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 09:49-да сөндірілді. Оқиға орнында Ақсу қаласының № 12 өрт сөндіру бекеті құрамынан 3 адам және бір техника жұмыс істеді. Ақсу қаласының ең жақын өрт сөндіру бекеті мен оқиға орнына дейінгі қашықтық 8 км құрайды», - дейді департаментте.

Сондай-ақ, сағат 10:28-де «101» пультіне Мир және Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Ашық аумақта Volkswagen Passat автокөлігінің мотор және салонның алдыңғы бөліктерінде, жалпы ауданы 4 шаршы метр төбедегі орындықтардың ішінара қаптамалары жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 2 адам және бір техника жұмылдырылды.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.