30.09.2021, 11:54
Оқиғалар
Павлодарда кірпіш білдегі жаншып кеткен ер адам көз жұмды
Қайғылы оқиға кәсіпорындардың бірінің өндірістік цехында болды
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда кірпіш білдегі жаншып кеткен ер адам көз жұмды деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйек күні сағат 21.25-те жұмысшыны кірпіш дайындау білдегі жаншып кеткен.
«58 жастағы ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаментте.
Облыстық еңбек басқармасында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды