ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Қарағанды облысында мас бақташы ауылдасын атып өлтірді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары басталды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында мас бақташы ауылдасын өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданында Қ.Аманжолов ауылынан 3 шақырым жерде даладан денесінде оқ жарақаттары бар 50 жастағы азаматтың мәйіті табылды.

«Полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 35 жастағы ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Осыған байланысты жәбірленуші оған ескерту жасаған. Осының салдарынан екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, соңында ұсталған азамат қарумен жәбірленушіні атып тастаған», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлерімен қылмыс қаруы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.