30.09.2021, 10:13
Оқиғалар
Елордада жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Тағы бір жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді
30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Нұр-Сұлтан қаласында Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт Сарайшық бойындағы көпірде (Есіл өзені) қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетті. Нәтижесінде, ол 28 жастағы жүргізуші басқаратын Nexıa Ravon көлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан 5 адам оқиға орнында қайтыс болды: 2 жүргізуші, 3 жолаушы. Toyota Camry көлігінде болған жолаушылардың бірі ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді.
Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
08.06.2026, 11:18
Ақтауда ішіп алған ер адам көшеге тыр жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 12:58
Арыс қаласында мас әйел төрт адамды қағып өлтірді – оның екеуі бала, біреуі жүкті әйел
08.06.2026, 06:21
Павлодар тұрғыны вокзал маңында ұйықтап қалған канадалық туристің ақшасы мен төлқұжатын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 14:55
39 градус аптап ыстық, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
08.06.2026, 08:18
Қазақстан–Ресей шекарасында жүк көліктерінің қозғалысы қиындады