Шымкентте бесінші қабаттан секірмек болған жасөсіпірім құтқарылды
Аталған жайт 28 қыркүйек күні сағат 13:20 шамасында болған
Шымкенттік полицейлер бесінші қабаттан секірмек болған жасөсіпірімді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің Жаңа шахар стационарлық полиция бекетіне жергілікті тұрғын көмек сұрап келген. Тұрғынның айтуынша, көпқабатты үйдің бесінші қабатынан белгісіз жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болып, шатырда отырғанын көрген.
Аталған жайт 28 қыркүйек күні сағат 13:20 шамасында болған.
«Бұл жағдайға бей-жай қарамаған тәртіп сақшылары дер кезінде оқиға орнына жетіп, шатырда отырған жасөспірімді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырды. Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған», – делінген ПД хабарламасында.
Сондай-ақ полицейлер жасөспірімнің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды қабылдады.