$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2021, 11:49
Оқиғалар

Павлодар облысында суға батып кеткен әйелдің кім екенін анықтай алмай жатыр

Полицейлер тұрғындардан көмек сұрады

Павлодар облысында суға батып кеткен әйелдің кім екенін анықтай алмай жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында суға батып кеткен әйелдің кім екенін анықтай алмай жатыр. Полиция көз жұмған адам туралы білетін жандар болса, ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының полиция департаменті 25 қыркүйекте Май ауданының Қаратерек ауылындағы Ертіс өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, суға батқан әйелдің жеке басын анықтауда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

Судан табылған әйелдің жасы 20-30 шамасында, келбеті азиялық, дене бітімі орташа, шашы қара, иығына дейін, көздері қара.

Жилетка немесе сұр түсті күртешенің астарын киген, кеудешеде "LEATHER COLLECTION" деген жазуы бар, оң қалтасында "LEE" деп жазылған қара түсті джинсыда, кеудесінің сол жағында көбелектің суреті салынған жасыл түсті футболкада, "love"деген жазуы бар қара түсті кроссовкада болған.

Ерекше белгілері: шынтақ буынының сол жақ білегінде операцияның ізі бар. Бауыр циррозынан зардап шеккен.

Полиция марқұмның туыстары мен жақындарын іздеуге көмек көрсетуді сұрайды. Ақпаратты 102, 8 (71838) 39-19-18 телефондары немесе 8-705-386-15-06 ұялы телефонына қалдыруға болады.

Серіктес жаңалықтары