28.09.2021, 09:12
Оқиғалар
Екібастұзда жұмысшы 10 метр биіктіктен құлап кетті
Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді
Екібастұзда жұмысшы 10 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға Қонаев көшесіндегі ұйымдардың бірінің аумағында болған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС-нің 30 жастағы слесарі бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде биіктігі 10 метр алаңнан құлап кеткен.
«Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деді департаментте.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды