ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Нұр-Сұлтан - Щучинск автожолында қар күреу жұмысы басталды

Бүгін Макинск қаласы маңында қар жауған

Нұр-Сұлтан - Щучинск автожолының Макинск қаласы маңында ауа райы бұзылып, қар жауды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазіргі уақытта жолды қарды күрей жұмыстарына 8 арнайы техника жұмылдырылған. Жүргізушілерден сақ болып, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Туындаған барлық сауалдар бойынша 1409 нөмірімен call-орталыққа хабарласуға болады», - делінген хабарламада.

Қазгидрометтің хабарлауынша алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қатты жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыс пен солтүстік батысты тұман басады.