$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2021, 15:57
Оқиғалар

Түркістан облысының полицейлері кезекті тойды тоқтатты

Полиция өклдері карантин талаптарын орындамаған азаматтардың тиісті жазаға тартылатынын ескертеді

Түркістан облысының полицейлері кезекті тойды тоқтатты

Түркістан облысында карантин талаптарына қарамастан той жасайтындар саны сейілер емес. Тұрғындардың денсаулығын қадағалап, карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында құрылған мобильді топ рейд жұмыстарының барысында «Үйлену тойын» өткізіп жатқан тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орналасқан тойханалардың бірінде кешкі сағат 19:00 шамасында 100-ден аса адамды жинап, той өткізуші мен тойхана иесіне қатысты ӘҚБтК 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында тиісті орынға жолданды», - делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді.

«Сондықтан Бас санитариялық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты ұстануды естен шығармаңыздар», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары