$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 18:01
Оқиғалар

«Көбінің қол-аяғы сынған»: дәрігер ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы айтты

Кішкентай 4 баланың жағдайы ауыр

Ұшақ апатынан тірі қалған науқастардың түгелге жуығының аяқ-қолдары сынған. Жарақат алған жандардың көбі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық және Жедел шұғыл көмек көрсету орталықтарында жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов айтты.

Қазірге дейін екі ауруханадағы науқастардың жетеуіне ота жасалды. Жедел-жәрдем көлігімен барлығы 66 адам ауруханаға жеткізілген. ІІМ мәліметінше, 50 адам ауруханаға жатқызылса, олардың 18-нің жағдайы ауыр.

«Бізге 12 науқас түсті. Барлығының жағдайы орташа ауыр. Бір науқасқа ота жасалды. Балтыр сүйегі сынған. Жабық ми жарақаты бар. Науқастардың көбі 20 мен 30 жас аралығында. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Апат туралы ақпарат бізге таңғы сағат тоғыздан кейін түсті», - деді Оңласын Ибекенов.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, отаны қажет ететін адамдар әлі де бар. Қазіргі сәтте марқұмдар мен жараланғандардың туыстарымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Әр отбасыға екі психолгтан бөлінген. Ауыр халде ауруханаға жеткізілгендердің арасында 4 бала бар. Бірақ олардың жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Таңертең болған жағдайға байланысты бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Алматы әкімдігінде арнайы брифинг өткізбек.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары