Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Тағы екі адам ауруханада жатыр

Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Жамбыл облысында ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранды, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктері соқтығысты.  

Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған.

Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.