$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 12:17
Оқиғалар

Алматыдағы атыс бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды

Күдікті психиатриялық диспансерде есепте болмаған

Алматыдағы атыс бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы атыс бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті.

«Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте болмаған.

Қанат Таймерденовтің айтуынша, осы оқиғаға қатысты ведомствоаралық жедел топ құрылды, алдағы уақытта тергеу нәтижелері бойынша полиция толық ақпарат береді. Қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсетіледі. Олардың артында кәмелет жасқа толмаған 7 бала қалды.

Еске салайық, 20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары