$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2021, 17:41
Оқиғалар

Екібастұзда мас оқушы қыз ұсталды

Оның ата-анасына қатысты әкімшілік материал толтырылды

Екібастұзда мас оқушы қыз ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда мас оқушы қыз ұсталды. Оқушы түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал  толтырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 қыркүйек күні сағат 23.00-ден кейін ювеналды полиция қызметкерлері тұрғын үйдің ауласында 16 жастағы мас болған мектеп оқушысын ұстаған. Сабақтан кейін оқушы не істерін білмеген соң досына барып, алкогольдік сусын ішкені анықталды. 

«Алайда оларды полиция қызметкерлері ұстады. Жасөспірімге қатысты медициналық тексеру жүргізілді және  полицияның алаңдаушылығы расталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мектеп оқушысының мінез-құлқы 14 қыркүйекте Екібастұз қаласының №9 ЖОМ алдын алу кеңесінде қаралды. Сонымен қатар, мектеп оқушысы мектеп аумағында шекілдеуік шағып, қабығын  жерге тастағаны үшін  ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді  деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшылары оқушы мен оның ата-анасы бұдан кейін тиісті қорытынды шығарады деп үміттенеді.

«Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары полицияға 143 кәмелетке толмағанды жеткізді, оның 102-сі түнгі уақытта ұсталды. Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 12 кәмелетке толмаған бала, өзге де мемлекеттік балалар мекемелеріне 10 бала орналастырылды. Сондай-ақ 26 кәмелетке толмаған және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 34 ата-ана есепке қойылды, - деді  Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ, тұрғылықты жері бойынша полицейлер есепте тұрған 144 кәмелетке толмаған бала мен 281 қолайсыз отбасын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдер қылмысының, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және ескерту үшін 13-19 қыркүйек аралығында  облыс полицейлері "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Серіктес жаңалықтары