ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылған

Оқиға осы жылдың 2 тамызында «Жанұя» балалар үйінде болған

скриншот: видео

Алматыдағы балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі соққыға жығылған. Аталған жағдайдан мекеменің директоры Марина Дәулетбекова да хабардар болған. Сол кездегі тәрбие ісі жөніндегі бұрынғы орынбасардың айтуынша, балалар үйінің басшысы уақытында мән беріп, мәселені шешудің орнына істі жылы жауып қоя салған. Бұған шыдамаған қызметкерлер болған жағдайды көпшілікке жариялауға мәжбүр болдық, дейді.

Оқиға осы жылдың 2 тамызында мамандандырылған «Жанұя» балалар үйінде болған.

«Мен кезекті еңбек демалысынан 4 тамызда жұмысқа шықтым. Осындай жағдайдың болғаны тәрбиеленуші балалармен сөйлескен кезде анықталды. Бұл мекеме ұжымындағы педагогтер дәрежесінің төмендеп кетуі салдарынан орын алған жағдай. Бізде бір жылдан астам үздіксіз тексерулер, түрлі құжаттар жинау педагогтер мен тәрбиеленуші балаларға да әсер етпей қоймайды. Біз қателектіреді дәлелдеу, үнемі сұрақ-жауаптармен көп айналысып кеттік. Оқу тәрбие процесі құлдырады, мүлдем құрдымға кетті деп айтуға да болады. Әрине балалар арасында жиі келеңсіз жағдайлар болып жатыр. Бұның бәріне бақылау жасау менің негізгі міндетім болып табылды. Бірақ түрлі себептермен мен оны уысымнан шығарып алдым. Сондықтан мұғалімдерді балалар сыйламай, дөрекі сөйлеп, ауыздарына келген сөздерді айтып, қоқан-лоққы көрсетіп кеткендіктен, тәрбиешінің дәрменсіздігінен болды. Бұл негізі екі тәрбиеленуші баланың арасында болған жағдай. Зардап шеккен - Назира Сүлейменова, оны соққыға жыққан тағы бір тәрбиеленуші Ли Ситора.

Осы жағдай бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының мамандарын шақырдым. Балалар арасында жиналыс өткізіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргіздік, басшымызға да хабарлап, хаттаманы көрсеттім. Бірақ мәселе осы уақытқа дейін шешілмеген соң жауапты органдарға жағдайды мәлімдеуге мәжбүр болдым», - деді мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі бұрынғы орынбасары.

Балалар үйіндегі жағдай ушыққан соң тәрбиеге жауапты басшы қызметінен шеттетілген. Мекемеде 5-18 жас аарлығындағы 500-ден астам тәрбиеленуші бар. Олардың арасында 89 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Тәрбиеленушілерге 264 адам қызмет көрсетіп келген. Қызметкерлердің айтуынша, аталған жағдайға қатысты құзырлы органдар тергеуді бастаған.

Әмірболат Құсайыұлы, Алматы