14.09.2021, 11:28
Оқиғалар
Алматыда үй ауласында қарасора өсірген ағайынды екеу ұсталды
98 түп жабайы қарасора тәркіленді
фото: polisia.kz
Алматыда ағайынды екі жігіт ауласында 100-ге жуық марихуана бұтасын өсірген. Алматы қаласының полицейлері 33 және 31 жастағы ағайынды екі жігіттің заңсыз әрекетін анықтады. Жедел ақпарат расталып, күдіктілер ұсталды.
«Олардың Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан үйінің ауласында марихуана өсіргені анықталды. Бақшадан сот-химиялық сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 24 келі 300 грамм болатын 98 түп жабайы қарасора тәркіленді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, енді олардың тыйым салынған шөпті қандай мақсатта өсіргені анықталады
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)