$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 11:02
Оқиғалар

Қостанайда мас күйде көлік айдаған судья жарық бағанасына соғылды

Бақыткүл Қадыроваға қатысты істі оның әкімшілік соттағы әріптестері жүргізеді

Қостанайда мас күйде көлік айдаған судья жарық бағанасына соғылды
көрнекі фото

31 тамыз күні Қостанай қалалық сотының судьясы Бақытқүл Қадырова Toyota RAV4 көлігін басқара алмай, бағанаға барып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты «Әуежай» шағын ауданындағы ойын алаңының жанында болған.

Tobolinfo.kz хабарлауынша, жол апаты қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді.

Судья бағанаға соққаннан кейін көлігін тұраққа тастап кеткен. Өзінің мас күйде еместігін айтып, медициналық тексеруден өтуге келіспеген. 31 тамызда Қадырова ақысыз демалысқа шығу жөнінде мәлімдеме жасаған.

«31 тамызда сағат 19:56-да Toyota RAV4 жүргізушісі ауладан шығып, көлікті басқара алмай, жарықтандыру бағанасына соғылғаны жайлы хабарлама келіп түсті. 1968 жылы туған жүргізуші наркологияға жеткізілді, онда жүргізушінің орташа деңгейлі мас күйде екендігі анықталды», — деді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Судьяның мұндай жағдайға түсу себебі әзірге белгісіз. Полиция департаменті бұл іске қатысты материал жинақтауда. Ал судья Бақыткүл Қадыроваға қатысты істі оның әкімшілік соттағы әріптестері жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары