03.09.2021, 03:09
Оқиғалар
Ақтөбелік тұрғын ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кеткен
Күдікті 74 000 теңгені ашық түрде ұрлаған
Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адамның микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңгені ашық түрде ұрлап кеткен.
Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ұсталған азамат жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен «Тонау» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды