$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 11:21
Оқиғалар

Риддерде үш баланың анасын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Марқұм қалалық әкімдікте қызмет атқарған

26 тамызда таңертең үйінен жұмысқа кетіп, алайда сол күйі хабар-ошарсыз кеткен қалалық әкімдік қызметкері туралы жаңалық Риддер қаласының тұрғындарын дүрліктірді. Марқұмды үйінде 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш баласы үйінде тосып отырған.

Кешке қарай орман алқабын тексеру барысында зорлықпен өлтірілген және бірнеше пышақ жарақаты салынған марқұмның мәйіті табылды.

Бірнеше күннен кейін осы қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол жауап алу кезінде қылмысқа оңай олжаға кенелу үшін барғанын айтқан. Ол орман алқабынан өтіп бара жатқан әйелден күміс бұйымдар мен қолына қыстырған сөмкесін байқаған.

«6 күн бойы жедел-тергеу іс-шаралары тәулік бойы жүргізілді. Күдікті қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 192-баптары бойынша сараланады. Ондағы жаза 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анасынан айырылған жас балалар жақын туыстарына берілді.

Серіктес жаңалықтары