Теміртауда өз ұлын өлтірген күдікті қолға түсті
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Теміртау полицейлері аса ауыр қылмысты «ізін суытпай» ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
29 тамызда Теміртау қаласының Бейбітшілік даңғылындағы пәтерлердің бірінде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 68 жастағы ер адамды ұстады. Ол марқұмның әкесі болып шықты. Әкесі өзара туындаған жанжал барысында ұлына пышақ салғанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.