Елордадағы «Тұлпар» сауда орталығы өртенді
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ
1 қыркүйек таңғы уақыттаа елордадағы «Тұлпар» сауда орталығының төртінші қабаты өртенді. Аталған қабатта жиһаз сататын бутиктер орналасқан.
«Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24 «Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. #3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған», - делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Өрт басталған кезде сауда орталығы жұмысын бастамаған. Сондықтан онда сатушылар да, клиенттер де болмаған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.