Екібастұзда жергілікті төтенше жағдай режимі туралы қаулы қабылданды
Сәтбаев атындағы сорғы станциясының электр бөлігі жанып кетті
Төтенше жағдайды тексеру үшін арнаулы комиссия құрылды, оның құрамына Сәтбаев атындағы арна өкілдері, төтенше жағдайлар департаменті, «Кегок» АҚ, облыстың атомдық және энергетикалық қадағалау департаменті кіреді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Екібастұз қаласының әкімі, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы және No2«Сәтбаев» сорғы станциясындағы ШЖҚ РМК филиалының өкілдерімен бірге өрттің орнын тексердік. Сорғы станциясының электр бөлігі жанып кетті, сондықтан операциялық қосылу үшін уақытша cызба қолданылады. Біз жергілікті тұрғындардан алаңдамауды сұраймыз, себебі елдімекендерге қауіп жоқ. Екібастұз су қоймасында 17 миллион текше метр су бар, Екібастұз қаласының су тұтынудың айлық нормасы 1,7 миллион текше метрді құрайды, сонымен қатар Қарағанды облысы үшін де қауіп жоқ», - деп жазды облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Екібастұз қаласының әкімдігі жергілікті төтенше жағдай режимі туралы қаулы қабылдады.
Сәтбаева атындағы арнаның бас инженері М.В.Эммерихтің айтуынша, станцияның жұмысын толық қалпына келтіру уақыты 2,5 аптаға дейін созылады. Толық қаржыландыру республикалық кәсіпорын есебінен жүзеге асырылады.
Жағдай тұрақты бақылауда.
Айта кетсек, 29 тамыз күні "Сәтбаев арнасы" ШЖҚ РМК филиалының №2 сорғы станциясында өрт шыққан. Өрт салдарынан сорғы станциясы 270 млн теңге шығынға ұшырады. №2,3,4,5 сорғы станциясының қызметі тоқтатылды.