Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 90 бала көз жұмды

1800-ден аса оқушы оқыс оқиғадан жарақат алған

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 90 бала көз жұмды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Ал 1800-ден аса оқушы оқыс оқиғадан жарақат алды деді ол. Осыған орай Ішкі істер министрлігі жол-көлік апатын болдырмау мақсатында «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүзеге асырып жатыр. 

«Қазіргі таңда дайындық кезеңі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл кезеңде білім беру мекемелерінің аумағындағы көше, жол тараптарының, жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдыра зерттелуде. Коммуналдық қызметкерлерімен жолға жақын орналасқан 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілді», - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.