$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.08.2021, 13:29
Оқиғалар

Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде көпірдегі жұмысшы зардап шекті

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде көпірдегі жұмысшы зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде көпірдегі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«29 тамыз күні сағат 10.30-да "Нұрлы жол" көпірінде "Тойота ланд крузер 200" автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қоршауға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпірде болған 1977 жылғы жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 278 ЖКО тіркелген, оның алтауын мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер жасаған. Алты жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, сегізі жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары