27.08.2021, 15:06
Оқиғалар
Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда
скриншот: видео
Соңғы мәлеметтер бойынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы ТЖМ жанындағы жедел штабтан хабарланды.
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.
Өрт болған орында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:
- ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника;
- ДП-400 қызметкер, 54 бірлік техника;
- №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника;
- №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника;
- Ұао.гвардия-520 адам және 250 адам резервте.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)