$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 01:48
Оқиғалар

Өзбекстанда іздеуде жүрген алаяқ Павлодарда ұсталды

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының алғашқы күнінде 776 құқықбұзушылық анықталған

Өзбекстанда іздеуде жүрген алаяқ Павлодарда ұсталды

Өзбекстан Республикасы Ферғана облысы ІІБ іздестіріп жатқан 28 жастағы азамат алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде полиция қызметкерлері 776 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. 

«Көші-қон заңнамасын бұзушылардың алдыңғы қатарында 177 азамат тіркеусіз немесе құжатсыз жүр. Ал 129 павлодарлық қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін ұсталса, олардың 85-і уақытша бейімдеу және медициналық айықтырғыш орталығына орналастырылды. Бұзақылардың 68-іне қатысты «ұсақ-түйек»  бұзушылыққа бойынша материалдар облыстық сотқа жіберілді», - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ғалым Сарғұлов.

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілері арасында да жиі тәртіпсіздікке жол беретіні анықталды.  Мәселен, тек бір тәулік ішінде 79 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ал 45 жүргізуші жылдамдық режимін сақтамаса, 8 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, 7 жүргізуші қос жолақты сызықты кесіп өткені үшін ұсталған.

«Мысалы, Екібастұз қаласында 23 тамыз күні сағат 17:50 шамасында 34 жастағы жүргізуші «ВАЗ 2108» маркалы көлік құралын басқарып, М.Әуезов көшесімен жүріп, қос жолақты сызықты кесіп өткен. Жүргізуші ҚР ӘҚБК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК айыппұл салынды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары