Атырау мен БҚО-да 31 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Олардың 17-сі шетелдік азаматтар

Атырау мен БҚО-да 31 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері ұсталды
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

18 тамызда ұйымдастырылған арнайы операция нәтижесінде үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды.

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

«Фигуранттардың есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелерге қол жеткізілді, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөлуі анықталды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.