Талдықорғандағы цехта болған оқиғадан үш адам зардап шекті
Бір адамның жағдайы ауыр
25 тамыз сағат 03:25-те Талдықорған қаласы Медеу көшесіндегі автокөлік шиналарын қайта өңдеу цехы аумағында сыйымдылығы 5 текше метр (ашық шатыр астында орналасқан) шиналардың вакуумдық пиролизіне арналған резервуардың тарсылы болғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Одан әрі алаңы 80 шаршы метрді қамтитын аймақта пайдаланылған шиналар өртенген.
Нәтижесінде 59, 52, және 44 жастағы цехтың үш қызметкері зардап шекті. Зардап шеккен екі ер адамның жағдайы орташа, 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Олардың барлығы Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Өрт сағат 04:49-да толық сөндірілді.
Цехтағы тарсыл балқыту кезінде пайда болған тез тұтанғыш заттар сыйымдылығының жұмыс аймағында будың жинақталып, технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін.