25.08.2021, 13:31
Оқиғалар
Алматыда автокөлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Алматыда автокөлік ұрлығы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполистің бейнебақылау жүйелері 33 жастағы ер адамның қылмыстық әрекеттерін тіркеді.
«Бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғын біздің бөлімге арызбен жүгінді. Ол түнде белгісіз біреу көлігіне терезені сындырып кіріп, құжаттары мен жеке заттарын ұрлап кеткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз бұны күдікті жасаған жалғыз қылмыс деп ойламаймыз. Осыған байланысты жедел қызметтер оның басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын тексеруде», – деді Медеу аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Елнұр Құдретбаев.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды