23.08.2021, 23:37
Оқиғалар
Павлодарда ер адам суға батып кетті
38 жастағы тұрғынның денесін іздеу жұмыстары таңертең жалғасады
Фото: ашық дереккөзден
Облыс орталығында Ертіс өзенінің жағалауында 38 жастағы ер адам суға батып кетті, деп жабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, суға кеткен ер адам мас болған. Оны сол жердегі куәгерлер растаған.
«Құтқарушылар бригадасына кешкі сағат 20:30-да ер адамның суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, ол өзеннің жабдықталмаған жерінде суға шомылған», - деді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері Сабыржан Тастембеков.
Суға кеткен ер адамды іздеу жұмыстары таңертең жалғасады.
Мамандар тұрғындарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды