$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.08.2021, 15:44
Оқиғалар

Солтүстікте интернет-алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Жыл басынан бері облыста 300-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді 

Солтүстікте интернет-алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернет-алаяқтың сегіз эпизодын жасады деген күдікпен Алматы қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскөй танымал жарнамалық сайттарды пайдаланып, тұтынушыларға қымбат көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді төмен бағамен ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Петропавл қалалық Полиция басқармасына қысқа ғана уақытта интернет-алаяқтық фактісі бойынша бірнеше арыз келіп түсті. Белгісіз ер адам желіде өзін астаналық сатушымын деп таныстырып, «OLX» сайты арқылы шетелдік көліктің қосалқы бөлшектерін ұсынған. Қызығушылық танытқан адамдардан алдын ала төлем алған соң, байланысқа шықпай қойған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Алматы қаласында қолға түскен күдікті интернет-алаяқтықтың 8 эпизодын жасағанын мойындады.

Аталған фактілер ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды, тергеу жүргізілуде, оның барысында оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бары тексеріледі.

«Талдау солтүстікқазақстандықтардың көбіне белгілі сайттардағы: «Колеса», «Крыша», OLX хабарландырулар сайттары, сондай-ақ Instagram арқылы желілік алаяқтардың айласына алданып қалатынын көрсетіп отыр. Авто қосалқы бөлшектер, сәнді аксессуарлар, жалға берілетін тұрғын үйлер, жұмысқа қабылдау – маусымға қарай алаяқтардың қолданатын түрлі сценарийлері», - дейді СҚО ПД баспасөз хатшысы Нұрбек Баекин. 

Жеті айда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері 637 хабарландыруды тексеріп, оның 61-і сайттардың әкімшісі арқылы бұғатталды. Жыл басынан облыста 300-ден астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары