19.08.2021, 17:53
Оқиғалар
Полицейлер пойызда шу шығарған төрт вахта қызметкерін түсіріп алды
Оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды
фото: azh.kz
Полицейлер «Атырау-Ақтөбе» пойызынан ішімдік ішіп, шу шығарған төрт вахта қызметкерін түсіріп алды, деп хабарлайды azh.kz.
«Бұл пойыз бастығының актісімен жасалды. Қоғамдық орында жүрген төрт ер адам алкогольдік ішімдік ішіп, басқа жолаушылардың тыныштығын бұзды», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.
Заң бұзушылар 25, 31, 33 және 49 жастағы мұнай компанияларының бірінде жұмыс жасайтын вахта қызметкерлері болып шықты. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды