$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2021, 02:39
Оқиғалар

ШҚО-да үш бірдей жылқы ұрлаған зейнеткер ұсталды

Күдікті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

ШҚО-да үш бірдей жылқы ұрлаған зейнеткер ұсталды

Осы уақытқа дейін Шемониха ауданының 62 жастағы тұрғыны еркін жайылымдардан және шаруашылық аулаларында қараусыз жүрген малды ұрлап келгені анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Зейнеткер алдымен малды ұрлап, артынша өзі жалға алған жүк көлігіне тиеп көрші ауданға әкетіп отырған көрінеді. Малды сатып, ақшасын да өз қажеттілігіне пайдаланып келіпті.

«Белгілі болғандай, күдікті 2 ай бойы Зевакино мен Межовка ауылдарында мал ұрлығымен айналысып келген. Атап айтқада, 3 бірдей жылқыны жымқырып, тұрғындарға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам залал келтіріп үлгерген», - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, тергеу барысында зейнеткердің 2019 жылы болған мал ұрлықтарына да қатысы бар екені анықталды.

«Аталған факт бойынша, Шемонаиха аудандық сот үкімімен зейнеткер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және пробациялық бақылау тағайындалды», - деді Өскемен қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мақсат Манарбеков.

Сондай-ақ сот күдікті жазасын толық өтегенге дейін жыл сайын жүз сағатқа әкімдік анықтайтын мәжбүрлі еңбекке тартуды бұйырды.

 
Серіктес жаңалықтары