Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғындар жауапқа тартылды
Железин ауданында жыл басынан бері 46 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Павлодар облысында екі елдің азаматтығы бар тұрғындар жауапқа тартылды. Железин ауданында жыл басынан бері екі елдің азаматтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке 46 азамат тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Железин аудандық сотымен Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының 46 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 21 бабына сәйкес тұлға басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда күшін жояды. Бұдан өзге, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрып басқа елдің азаматтығын қабылдаған тұлға отыз күнтізбелік күн ішінде басқа елдің азаматтығын қабылдағаны туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне хабарласып, Қазақстан Республикасының жеке төлқұжаты мен паспортын өткізуі қажет, - дейді баспасөз хабарламада.
Мәселен, 2021 жылы 16 тамызда Железин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен белгіленген уақытта Ресей Федерациясының азаматтығын 2020 жылдың қараша айында қабылдаған РФ азаматтарымен Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 2 фактті анықтады.
Полиция қызметкерлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 496 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік істер қозғалып, сотта қаралды. Сот отырысында тұлғалар кінәларын мойындап, шетелдік азаматтардан Қазақстан Республикасының жеке төлқұжаты мен паспорты алынды. Сондай-ақ, осы азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жою тіркелді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушылардың біріне 200 АЕК көлеміндегі (408 мың теңгеден астам) әкімшілік айыппұл салынса, екінші құқық бұзушы Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды.
«Азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағандар. Көбіне тұрғындар екі елде де әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерге ие болу мақсатында азаматтығын ауыстырғаны жайлы хабарлауға асықпайды. Құқық бұзушылар өз әрекеттерін шетелдік азаматтық қабылдау фактілерін хабарлауды ұмытып кеттік немесе үлгермей қалдық деумен түсіндіреді, - деп мәлімдеді Павлодар облысы Железин ауданы Полиция бөлімі көші-қон қызметінің аға инспекторы Анастасия Склярова.
Айта кететін болсақ, Железин ауданында жыл басынан бастап екі елдің азаматтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке 46 азамат тартылған. 54 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жою тіркелді.