$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2021, 10:32
Оқиғалар

СҚО-да карантин тәртібін бұзудың 76 фактісі тіркелді

Жыл басынан бері өңірде сантиралық талаптарды бұзудың 1044 жағдайы анықталды

СҚО-да карантин тәртібін бұзудың 76 фактісі тіркелді

СҚО-да ведомствоаралық мониторинг тобы карантин шектеулерін бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтерді жалғастыруда. Өткен аптаның соңында облыс орталығында ондаған қонақтарды жинап той өткізген төрт ойын-сауық орны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер, полицейлер – құрамында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері бар мобильді топ барлық үйлену тойы және басқа да салтанатты жиындар өткізілуі мүмкін дәмханаларды, мейрамханалар мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде. Өткен аптаның соңында Петропавлдың орталығындағы жиын өтетін орындардың бірінде мониторинг тобы үйлену тойының үстінен түсті. Ойын-сауық орнының иелерімен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, материал жиналды.

Осыған ұқсас жағдай Жұмабаев, Батыр Баян және Аяған Шәжімбаев көшелеріндегі ойын-сауық орындарында тіркелді. Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садуловтың айтуынша, той қонақтарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу фактісі бойынша материал жиналып, әкімшілік іс қозғалды. Материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды. Жыл басынан СҚО-да мониторинг тобы сантиралық талаптарды  бұзудың 1044 жағдайын анықтады. 13 шілдеден бері - 76 факті.

«Тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен полицейлер тұрғындарды адамдар көп жиналатын отбасылық жиындарды өткізуден бас тартуға шақырады. Тек өз денсаулығыңды ғана емес отбасы мүшелерінің және қоршаған адамдардың да денсаулығын сақтау қажет. Барлық санитарлық дәрігерлердің барлық ұсыныстарына жауапкершілікпен қарау қауіпті індеттің таралуын азайтуға септігін тигізеді. Мониторинг тобының кенеттен тыс рейдтері жалғасатын болады», - деді СҚО ПД баспасөз хатшысы Нұрбек Баекин.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары