16.08.2021, 12:21
Оқиғалар
Павлодар облысында балабақша шатырынан адам құлап кетті
Зардап шеккен ер адам ауруханаға жатқызылды
Ленин кентінде балабақша шатырынан адам құлады. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Құлаған адам 38 жасар ер азамат болып шықты. Ол балабақша шатырында құрылыс жұмыстарын жүргізген екен.
«14 тамыз сағат 16:30-да Ленин кентіндегі балалар бақшасының шатырында құрылыс жұмыстарын жүргізген ер адамның құлағаны анықталды. Тексеру жүргізілуде», - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен азамат Павлодар ауруханаларының біріне жатқызылды.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды